2020 жылдың 17 сәуірінде Yessenov University-дің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еркін форматтағы пікіралмасу алаңы ретінде «Волонтерлік қоғам мүддесі» тақырыбында онлайн кездесу өтті. Шараға облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Фазыл Абылай Фазылбекұлы, МОЖРО-ның басшысының орынбасары, «Волонтерлер корпусы» тобының жетекшісі Оралбаев Мұқаш Данэлұлы, факультет басшылығы, оқытушылары мен студенттер қатысты.
Онлайн кездесу барысында облысымызда мемлекеттік жастар саясатын сапалы ұйымдастыруда волонтерлік қызметке жастарды тарту мәселесінің маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді. Соның ішінде жастардың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған 7 ресурстық орталық жұмыс қазіргі уақытта төтенше жағдайға байланысты маңызды жұмыстар атқаратынына тоқталып өтті.
Студенттер волонтерлік мәселесі, әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету, жүзеге асырылып жатқан жобаларды ілгерілетуге жағдай туғызу, рухани, мәдени орындардың қолжетімділігі мәселері бойынша спикерлерге сұрақтар қойып, қызу пікір алмасты. Сұхбат алаңында көптеген әлеуметтік бастамалар мен игілікті істерге серпін болатын сындарлы пікірлер айтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *